Бас тақырыпРесми
Мемлекет басшысы ел тарихында таэквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алған Бейбарыс Қабыланды құттықтады
Мемлекет басшысы таэквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – делінген құттықтауда.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



