Бас тақырыпРесми

Мемлекет басшысы қарағандылық соғыс және еңбек ардагері Бүркіт Есжановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ардагердің майдан шебіндегі ерліктеріне тоқталып, марқұмның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі ұмытылмайтынын атап өткен.

Сурет: Ақорда

 «Ұлы Отан соғысының ардагері Есжанов Бүркіт Есжанұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.

 Бүркіт Есжанұлы сұрапыл соғысты бастан кешіп, Ұлы Жеңісті жақындатуға зор үлес қосты. Майдан даласында Мәскеу маңын жаудан азат етуге қатысып, Курск қаласын қорғаудағы қанды ұрыста ерен ерліктің үлгісін көрсете білген еді.

 Бейбіт кезеңде еселі еңбек етіп, елімізді өркендетуге мол үлес қосқан Бүркіт Есжанұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жадында сақталады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!», – деп жазылған жеделхатта.

Басқа материалдар

Back to top button