Ресми

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамынан бірқатар лауазымды тұлғаны шығарып тастады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді.

Жарлыққа сәйкес комиссия құрамынан 11 адам шығарылды.

– Аталған комиссияның құрамынан: М.М. Ахметжанов, А.О. Алауханов, М.С. Бәшімов, Ғ.Б. Бейсембаев, О.А. Бектенов, Д.Қ. Қыдырәлі, Д.Қ. Мыңбай, А.Р. Оралов, А.С. Платонов, А. Саин, М.Б. Тілеуберді шығарылсын, – делінген Президент қол қойған Жарлықта.

Тиісінше, бос орындарды келесі тұлғалар иеленді:

Аида Балаева – Мәдениет және ақпарат министрі;

Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;

Әлия Ехласова – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы;

Светлана Жақыпова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Асхат Жұмағали – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;

Динара Зәкиева – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);

Снежанна Имашева – ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

Мұрат Нұртілеу – Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі;

Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі және өзгелері.

Құжат қол қойылған күннен, яғни 12 қазаннан бастап күшіне енді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button