АймақЖаңалықтар

Мектептің спорт залына құтқарушы Хали Хайраттың есімі берілді

Саран қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің спорт залына 2024 жылы 6 қазанда Қарқаралы ауданындағы табиғи өртті сөндіру кезінде қаза тапқан марқұм, азаматтық қорғау сержанты, аталмыш мектептің түлегі Хали Хайраттың есімі берілді.

Суреттер: ТЖД

– Хали Хайрат өз өмірін құрбан етіп, аумағы мен халқын табиғат апатынан қорғады. Хайрат батыл болатын, қиындықтардан қорықпайтын, спортты ұнататын. Бұл зал құтқарушы мамандығын құрметтеудің нышанына айналады. Біз Хайраттың өзі оқыған мектептің спорт залына есімі берілгеніне ерекше қуаныштымыз, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Еркін Отарғалымұлы.

Батырды еске алу шарасына әріптестері мен туған-туыстары, ұстаздары мен жақын-жуықтары жиналды.

Құтқарушылар мектепке спорттық құрал-жабдықтар сыйға тартып, шара қазақ күресінен және үстел теннисінен ұйымдастырылған жарыстармен жалғасын тапты.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button