Жаңалықтар

Мектептер ахуалы – назарда

Биыл Бұқар жырау ауданындағы білім беру мекемелерінің қажетіне 46,2 млн. теңге жұмсалмақ. Бұл қаржыға бірқатар мектептердегі қазандықтар жөнделіп, техникалық база нығайтылады.

Нақты айтқанда, 12,8 млн. теңгеге Ленин атындағы мектепке қазандық ор­­натылады. Гагарин атындағы орта мектептің қазан­дығындағы жөндеу жұмыс­тарына – 2 млн. теңге, Сәт­­­баев атындағы, Ростовка, Белағаш мектептеріндегі интернаттарды техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге – 2 млн. теңге қарастырылған.
Сондай-ақ, Бұқар жырау орта мектебінің 2-3 қабаттарында жылу жүйесін қайта құруға 1,2 млн. теңге бөлу жоспарлануда. Бұдан бөлек, 10 мектепте күрделі жөндеу жүргізуге және жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын құруға – 8,3 млн. теңге бағытталмақ.

Өз тілшімізден.
БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button