Ресми

Мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтандыру жүйесі іске қосылды

«Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ол eGov Mobile қосымшасында жұмыс істейді. Жобаны Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірлеген, деп хабарлайды Ortalyq.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет 180.alschool.kz

Жоба ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде қолдануға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазір тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істеп тұр. Жоба ауқымын кеңейту үшін тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелерімен мектептерді қамтамасыз ету және оларды «Әлеуметтік әмиян» жүйесімен үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кету керек, пилоттық жоба бірнеше өңірде сынақтан сәтті өтті және мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізіледі.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button