Бас тақырыпБілім

Мектепте оқушыларға арналған стоматология ашылды

Теміртау қаласындағы № 10 жалпы білім беретін мектепте стоматологиялық кабинет ашылды. Ол тікелей оқу орнында ауыз қуысын күту бойынша тұрақты тексерулер мен оқыту сабақтарын өткізуге мүмкіндік береді.

Сурет den-der.kz

Мұндай кабинет білім беру ортасында стоматологиялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Болашақ – сау тіспен» бағдарламасы бойынша ашылды. Ол балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсетуге және алдын алуға арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған.

«Болашақ – сау тіспен» бағдарламасы аясында 1000-нан астам адам оқитын мектептерде стоматологиялық кабинеттер мен алдын алу кабинеттерін ашу көзделген. Мұнда дантистер мен тіс гигиениенасы мамандары жұмыс істейді. Бұл бастама балалардың стоматологиялық ауруларының өсуіне байланысты алдын алу шараларының қажеттілігінен туындап отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button