Қарқаралы
Мектепке автобус берілді
Ел ертеңі – өскелең ұрпақ қолында. Сондықтан, жергілікті билік мектеп қабырғасынан берілетін білім мен тәрбиенің сапасына ерекше көңіл бөліп отыр. Білім ордаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерен назар аударылуда.

Мәселен, жыл санап мектептерде арнайы пән кабинеттері мен робототехника, IT сыныптарының саны артып келеді. Жақында осы игі үрдіс Бүркітті ауылында да жалғасын тапты. №20 орта мектеп оқушыларына аудан әкімі Халел Мақсұтов автобус кілтін тапсырды. Аталмыш білім ордасында 181 оқушы бар. Көлік мектепке Талды станциясынан қатынайтын 22 оқушыны тасымалдамақ.