Жаңалықтар

Мектеп оқушысы 2 айға қамауға алынды

Петропавлдағы мектептің бірінде балта мен пышақ әкеліп, бірнеше оқушыны жарақаттаған 9-сынып оқушысы екі айға қамауға алынды.

– 2023 жылғы 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмағанға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, – деді Петропавл мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Ресми деректерге сәйкес, соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды. 

 Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button