Бас тақырып

Мектеп оқушыларының қорытынды емтихан уақыты анықталды

29 мамыр мен 10 маусым аралығында 9-сынып оқушыларына қорытынды емтихандар өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханнан тапсырады.

Сурет massaget.kz

Ал 11-сынып түлектері үшін мемлекеттік емтихандар 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді.

Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша болады.

– Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді, – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Back to top button