Аймақ

Мектеп оқушылары да қалыс қалмады

Новодолинский кентінде «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы жалғасуда. Бұл жолы кенттегі №11 жалпы білім беретін мектептің оқушылары сенбілікке шықты.  

Сурет пен видео: ұйымдастырушылардан

Олар жалғызбасты зейнеткер Зинаида Махрованың үйіне барып, ауласын қоқыстан тазартып берді. Барлық қоқысты сыртқа шығарып, бақшадағы арамшөптерді жұлды. Ауласын абаттандырып, ретке келтірді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button