Бас тақырыпБасты тақырып

Мектеп формасы: мәртебе ме, мәжбүрлік пе?

Мектеп формасына ерекше жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені бала оны күн сайын киеді. Сапасыз материалдар мен сапасыз пішілген киім ыңғайсыздық тудыратыны рас. Кейде тері ауруларының өршуіне әкеледі. Жалпы, мектеп формасының қазіргі стандарты қандай? 

Сурет https://www.ult.kz/

Қазіргі таңда мектеп формасы оқушы үшін дресс-кодтың бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар күні бойғы ыңғайлылықты, гигиенаны және қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек. Бұл жерде киімнің қимыл-қозғалыстарды да шектемегені жақсы.

Сурет http://baitikov-zhualy.mektebi.kz

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы  Юрий Залыгиннің айтуынша, киім таңдағанда жеңілін әрі және жұмсағын таңдаған жөн. Ол ыңғайлы әрі қозғалысты шектемейтін пішінмен, тұрақты жууға және үтіктеуге төзімді, сыртқы түрін жоғалтпайтын маталардан болғаны дұрыс.

–Мектеп формасын таңдағанда, матаның құрамына ерекше назар аудару керек. Ең жақсы таңдау – мақта, зығыр немесе жүн басым болатын табиғи немесе аралас маталардан жасалған бұйымдар. Шама келсе толық синтетикалық материалдарды қолданбаған дұрыс, себебі, олар ауаны дұрыс өткізбейді әрі терінің тітіркенуін тудырады. Мектеп формасы КО ТР 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» талаптарға сәйкес болуы тиіс.  

Бұл талап  химиялық құрамы бойынша қауіпсіз, гигроскопиялық және ауа өткізе алатын, сыртқы әсерлерге (жуу, терлеу, үйкеліске) төзімді,  уыттылығы және басқа да маңызды көрсеткіштері тексерілген болуы керек, – дейді Юрий Залыгин.

Эпидемиология мамандарының айтуынша, толық синтетикалық өнімдерді  қауіпсіз деу қиын.  Сондықтан құрамында синтетикалық компоненттердің рұқсат етілген құрамы бар табиғи талшықтар бар маталар оңтайлы. Бұлар өнімнің гигиеналық қасиеттерін нашарлатпай, берік және төзімді етеді.

Сурет http://baitikov-zhualy.mektebi.kz

Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы бастауыш сынып оқушылары үшін мектеп сөмкелері мен рюкзактарының кең белдіктері болғаны жөн екенін айтады.  Сөмкенің материалы жеңіл, берік әрі су өткізбейтін жабыны бар болуы тиіс.

Пайдаланушының жасын көрсететін таңба белгісі де болғаны дұрыс. Сондай-ақ, баланың жолда көрінуін қамтамасыз ету үшін шағылыстыратын элементтер қойылғаны ыңғайлы. Контрастты бояулар  қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ұсынылады.

Жалпы өнім оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын сертификатпен немесе декларациямен бірге жүруі тиіс. Қандай жағдайда да сатушы сатып алушының бірінші талабы бойынша құжаттарды ұсынуға міндетті. Олар болмаған жағдайда тауарды сатып алудан бас тартуға болады.

Аяулым СОВЕТ

 

Басқа материалдар

Back to top button