Мектеп бағдарламасына жүзу сабақтары енгізіледі
Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған дене шынықтыру бағдарламасына суда жүзу сабақтарын қосу жоспарлануда. Бұл туралы Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мәлімдеді деп хабарлайды Ortalyq.kz http://Tengrinews.kz– ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бастама балаларды судағы қауіпсіздік ережелеріне және жүзудің негізгі дағдыларына үйретуге бағытталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2024 жылы әлемде 236 мыңнан астам адам суға кеткен, олардың 82 мыңы – 1 мен 14 жас аралығындағы балалар.
Жаңа бағдарлама пилоттық жоба ретінде 2026 жылы Алматы мен Астанада іске қосылып, кейін еліміздің барлық өңіріне кезең-кезеңімен енгізіледі.
Дмитрий Баландин атап өткендей, жоба АҚШ, Аустралия және Венгрия сияқты елдердің табысты тәжірибесіне негізделген және балалар арасында салауатты өмір салтын дамытуға серпін береді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



