Мектеп асханасында фастфуд пен консервантқа тыйым салынды
Бұл ереже мектеп оқушыларының тамақтануын сау, қауіпсіз және ашық ету мақсатын көздейді. Жаңа оқу жылынан күшіне енген талап еліміздегі барлық мектептерде Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп, ЮНИСЕФ пен ДДСҰ қолдауымен әзірленген.

Бұл жүйе мектеп медбикелері күн сайын дайын тағамдарға органолептикалық бақылау жасауы арқылы жұмыс істейді. Әр тағамның құнарлылығы, ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералдар көрсетіледі. Бір тағамды бірнеше күн қатарынан қайталауға тыйым салынады.
Жаңа стандартқа сәйкес, ас мәзірінде :
– Тұз, қант және май азайды.
– Шұжық өнімдері, фастфуд, қант қосылған шырындар, спредтер мен консерванттарға тыйым салынды.
– Көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар, сүт және сүтқышқылды өнімдер көбейді.
– Шағын мектептерде ланч-бокстар енгізілді: ыстық бутерброд, сүтқышқылды өнім, жеміс және сусын.
Аяулым СОВЕТ