Бас тақырып

Мектеп асханасы: тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мектепте 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыру үшін жылына 175 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінетінін айтты. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев және оқу-ағарту министрлігіндегі әріптестерімен бірге ЮНИСЕФ-тің қолдауымен осы мәселені көтеріп, оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz министрдің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Сурет turkystan.kz

Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында:

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі жылдан бері 1-4 сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады. Оған жыл сайын 175 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Бүгінгі таңда келесі қадамды жасау маңызды: еліміздің барлық мектептері үшін балаларымыздың сапалы, теңдестірілген және қауіпсіз тамақтануының кепілі болатын жаңа стандартты әзірлеу. Тамақтану – бұл физикалық дамудың және ондаған жылдар бойы адами капиталды қалыптастырудың негізі. Біздің қоғамның болашағының іргетасы қазір қалануда. Ал, біздің оқушылардың денсаулығы мен бәсекеге қабілеттілігі қалай тамақтанатындығына байланысты. Балаларда дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру ерте шақтан бастап маңызды. Сондықтан, олар күшті, сау және болашақ сынақтарға дайын бола алады, – деп жазба қалдырған.

Министрдің сөзіне сүйенсек, балаға күн сайын ақуыз, түрлі дәрумен және барлық қажетті қоректік заттар теңдестірілген мөлшерде болуы қажет-ті…

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button