Мекемедегі Наурыз мейрамы
Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні, тіршіліктің басы. Шуақты мерекені Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №34 мекеме қызметкерлері де атап өтті.

– Мерекелік концертке алғаш рет жеке құрамның отбасылары шақырылды. Мереке күндері мекеме қызметкерлері үнемі жұмыста болады. Сол себепті Наурыз мейрамын үй-ішімен бірге тойлау үшін мерекелік қойылымға шақырдық. Мерекелік дастархан жайылып, меймандарға әр ұлттың тағамдарынан дәм татқызып, Наурыз көже ұсынылды, – дейді №34 мекеме бастығының орынбасары Әсет Қызылов.
Наурыз думаны «Қыз ұзату», «Тұсаукесер», «Жілік сындыру», «Құда күту» секілді жеке құрам дайындаған театрландырылған қойылымымен жалғасты. Келген меймандарды Ұлыстың ұлы күнімен мекеме басшылары құттықтап, құрмет көрсетті.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Оrtalyq.kz