Жаңалықтар

Мейрам тарихы туралы не білеміз?

1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп атап өткенімізбен, бұған дейін, Кеңестік кезеңде, мемлекет осы күні еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күнін тойлап келген. Ол кезде 1 мамырда халық жаппай шеруге шығып, әскери парадтар өтетін. Халық еңбектегі табысы мен жетістігін жария етуге ұмтылатын.
Мейрамның екінші күні, тәртіпке сай, “көкке” шығып, мейрамды табиғат аясында жалғастыратын. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күнін тойлау туралы шешімді Чикаго жұмысшыларының бас көтеруін еске алу мақсатында Париждің Интернационалдар конгресіне қатысушылар 1889 жылдың шілдесінде қабылдаған.
1886 жылдың 1 мамырында АҚШ-тың жұмысшылары жұмыс күнін 8 сағат деп белгілеуді талап етіп, көтеріліс ұйымдастырған. Еске сала кетелік, бүгіндері Қазақстанда еңбек күні қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Көптеген мемлекет үшін бұған дейін де, қазір де 1 мамыр көктем, жердің жаңғыруы мерекесі боп табылады. Мысалы, ежелгі кельттер осы күні Бельтайнды атап өткен. Бұл дата олар үшін малды жайлауға шығарумен байланысты боп келеді. Қазіргі Германия 1 мамырда табиғаттың жаңаруына байланысты Мамыр мерекесін атап өтеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button