Ресми

Медициналық жабдықтар сауда-саттығында картельдік сөз байласу

Қарағанды облысы және СҚО бойынша монополияға қарсы департаменттерімен 2016 жылы медициналық жабдықтарды сату кезінде сауда-саттықта бағаны ұстап тұру бөлігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бәсекелестікті бұзу белгілері бойынша «Гелика» ЖШС мен «Аманат» ЖШС қатысты бірлескен тергеп-тексеру жүргізілді.

Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы органмен қозғалған әкімшілік іс жүргізу негізінде Қарағанды қаласы МАӘС-ның 2021 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен «Аманат» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, «Аманат» ЖШС-не монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған монополиялық табысты мемлекеттік бюджет кірісіне 185 700 теңге сомасында тәркілей отырып, 238 606 теңге сомасында әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

«Аманат» ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Қарағанды қаласы МАӘС-ның 2021 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы заңды күшіне енді, айыппұл және монополиялық табыс бюджет кірісіне толық көлемде төленді.

Басқа материалдар

Back to top button