Медициналық мекемеден қашқан қылмыскерді криминалдық полиция қызметкерлері ұстады
Ауыр қылмыс жасаған сотталушы 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткені туралы жазған болатынбыз. Облыстың полиция департаментінің қызметкерлері оқиға ізін суытпай қылмыскерді тауып, құрықтады.
– Қарағанды қаласының полиция басқармасы, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауруханадан қашып кеткен сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеті жүргізілуде, – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталмыш факт бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы, яғни, «Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу» бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz