Жаңалықтар

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізіледі

Мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

– «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 270-бабында медициналық көмек көрсету кезінде пациенттің өміріне не болмаса денсаулығына зиян келтірілген жағдайда медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру құқығы заңнамалық түрде бекітілген. Осы енгізіліп отырған заң жобасында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізу механизмдері мен жолдары қаралған, нәтижесінде медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Денсаулық сақтау министрі.

Басқа материалдар

Back to top button