Ресми

«Мажоритарлық жүйе халық қызығушылығын оятты»

Қарағандыдағы №89 сайлау учаскесіне сағат 12.30-да ат басын тіредік. Өздігінен келе алмайтын сайлаушылардан дауыс жинауды міндетіне алған комиссияның арнайы тобымен қабаттаса учаскеге кірдік. Осы істің басы-қасында жүрген Лаура Кәрібаеваның айтуынша, тек, бір адамнан өтініш түскен.

Сурет: автордан

– Үйден дауыс беруге бір адам өтініш білдірді. Ол кісі жүре алмайды. Айта кетейік, өтініш сағат 12.00-ге дейін қабылданады. Жаңа барып келдік. Сайлаушы өз таңдауын жасады, – дейді Лаура Қанатбекқызы.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Күлән Сейтімбетова сағат 12.30-да дауыс беруі тиіс тұрғындардың, шамамен, 30 пайызы дауыс бергенін атап өтті.

– Учаскеде 2467 адам тіркеуде тұр. 600-ден аса адам келді. Белсенділік жоғары. Әсіресе, жастар жағы. Біздің учаскеде бірінші рет дауыс беретін бес жас бар еді. Соның екеуі келді, – дейді төраға.

Ал, №88 сайлау учаскесіне 2509 адам бекітілген. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жанат Түсіпов 700-ге жуық адам дауыс бергенін айтады.

– Бұл сайлауға жұрт тарапынан қызығушылық жоғары екенін бірден байқадық. Көптеп келіп жатыр. Мажоритарлық жүйе халық қызығушылығын оятты. Елдің санасына түрткі салды деп ойлаймын. Бұл әлі бастауы. Қоғам оянса, таңдауын әділ жасап, келешегіміз жарқын болатыны анық, – дейді Жанат Атығайұлы.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button