Қарқаралы

Матақта су құбыры тартылып жатыр

Ауыз су – Матақ тұрғындарының шеше алмай келе жатқан үлкен мәселесінің бірі еді. Биыл көп тілеуі орындалып, Матаққа ұзындығы 10 шақырым болатын су құбыры тартылуда. Екі ай бұрын басталған құрылыс жұмыстарының бүгінде 50 пайызы орындалыпты.

 

Жоспар бойынша су құбыры баспана аумағына дейін тартылады деп күтілуде. Ал, үй ішіне кіргізу тұрғындардың өзіне жүктеледі. Бүгінде 7 шақырым магистралды құбыр төселген. Ауыл ішіне ұзындығы 400 метр су құбыры желесі тартылып, 7 бетонды сақиналар қойылған. Сонымен қатар, сапалы ауыз су үшін екі қабатты нысан бой көтеріп, жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Су желісін тартуға, қазу жұмыстарын жүргізуге 12 адам жұмылдырылған. Оның 5-еуі жергілікті ауыл азаматтары.

 

– Екі резервуар қазылып жатыр. Ол жерде жаңа нысанымыз болады. 2-3 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, мердігерлер ауылдағы жалғыз басты, көпбалалы аналарға су құбыры жүйесін үйлеріне тегін кіргізіп беруге уәде еткен. Мешітке де тегін кіргізіп беруге сөз берген, – дейді Матақ ауылының әкімі Ардақ Сланбеков.

Су құбырларын тарту мен іске қосу жұмыстары жоспар бойынша толық келер жылы аяқталуы қажет. Алайда, мердігер компания өкілдері «Келер жылға қалдырмай биыл, яғни қазан-қараша айына дейін аяқтаймыз» деп отыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button