Бас тақырып

Масс-медиа қызметкерлерінің назарына!

Масс-медиа қызметкерлерінің Нұрмахан ОРАЗБЕК атындағы облыстық бильярд турнирі.

Сурет ұйымдастырушылардан

Мақсаты мен міндеті:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, танымал журналист Нұрмахан Оразбектің есімін ұлықтау, журналистер арасында бильярдты дәріптеу, мықтыларды анықтау, қатысушылардың ойын шеберлігін арттыру, саламатты  өмір салтын насихаттау және журналистер арасындағы ауызбірлікті нығайту;

Өткізілетін орны мен уақыты: 

Қарағанды қаласы, «Достар» бильярд клубы. Кеншілер даңғылы 2/1. 30 маусым күні сағат 09:00-де.

Жарыс бағдарламасы:

Сағ. 09:00 – Қатысушыларды тіркеу, жеребе тарту;

Сағ. 09:30 – Турнирдің ашылу салтанаты;

Сағ. 10:00 – Турнирдің басталуы.

Турнирге қатысу туралы өтінім 26-29 маусым аралығында 8(775)-942-87-80 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады.

Турнирді ұйымдастырушы: «Saryarqa Aqparat» ЖШС.

Турнирге қатысушылар:

Турнирге Қарағанды өңіріндегі масс-медиа саласында қызмет ететін барлық журналистер қатыса алады;

Қатысушылардың киім формасы: Ақ көйлек, жилет, қара шалбар, туфли.

Жарысты өткізу шарттары мен жарыс жеңімпаздарын айқындау тәртібі:

Турнир олимпиадалық жүйемен өтеді. Әр ойыншы қарсыласымен үш мәрте кездеседі. Егер, қарсыласын екі кездесуде жеңсе, бірден келесі кезеңге өтеді. Ойнайтын жұптарды анықтау тәртібі жеребе арқылы белгіленеді. Төреші турнир жеңімпаздарын осы ережеге сүйене отырып анықтайды. Қатысушылар стандартты киймен қамтамасыз етіледі. Жеке киймен ойнауға рұқсат етіледі.

Марапаттау: І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар дипломдармен және қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Анықтама үшін байланыс телефоны: 8(775)-942-87-80 (Ерік НАРЫН)

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button