АймақБұқар жырау

“Масленица” мерекесінде аудандық байқау болды

Бұқар жырау ауданының Центральное ауылдық Мәдениет үйінде “Прощай, зима снежная – здравствуй, Масленица!” атты дәстүрлі аудандық байқау жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өнер ұжымдары арасында ерекше шығармашылық сайыс өтті. Оған аудандағы 11 славян этномәдени бірлестіктерінің өнерпаздары қатысты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Аудандық байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Ғабиден Мұстафин кентіндегі “Ивушка” этномәдени бірлестігіне бұйырса, бірінші орын Ботақара кентінің “Славяне” ЭМБ, екі екінші орын Көкпектінің “Единство”, Шешенқараның “Березка” ЭМБ, ал үш үшінші орын Қушоқының “Славянские узоры” ЭМБ, Урожайноенің “Варварушки” ЭМБ, Центральноенің “Сударушка” ЭМБ берілді.

Қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button