Бас тақырыпЖаңалықтар

Мас күйінде көлік жүргізген қарағандылық 20 млн теңге айыппұл арқалауы мүмкін

Кеше Қарағандының патрульдік полиция экипажы кенеттен маневр жасау салдарынан жолда апатты жағдай туғызған көлікті тоқтатқан.

Сурет: yadrin.cap.ru

Жүргізушімен сөйлескен кезде одан алкогольдің иісі шыққан. Медициналық сараптама 38 жастағы қарағандылық азаматтың жеңіл дәрежеде мас болғанын растады. Құжаттарды тексеру барысында ер адамның осыған ұқсас құқық бұзғаны үшін жазасын өтегенін және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Алайдат ер адам жүргізуші куәлігінің жоқтығы көлік жүргізуге кедергі емес деп есептеген. Қазіргі таңда оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, енді ол 20 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button