Марганецпен ластануда
Қарағанды облысы аймағы жер үсті суларының марганецпен ластанғаны анықталды. 2015-2016 жылдары «Казгидромет» РММ филиалынан облыстағы Нұра, Соқыр, Шерубай-Нұра, Қаракеңгір өзендерінің марганецпен ластануы жайында 49 телефонограмма келіп түсті.
Экология департаменті ластанудың себебін анықтау бойынша жұмыстар дер уақытында жүргізілді. Облыстағы су қоймаларын, таза ақпа сулармен қамтамасыз ететін кәсіпорындарға тексерістер барысында ластанған нысандар белгілі болды. Сараптама нәтижесінде марганец тек қана Нұра өзені емес басқа да облыстағы су нысандарында бар болып шықты. Мысалы, Көкпекті өзенінде гидробекет бар. 2016 жылы марганецтің орташа қоспасы 0,34 мг/ текше метрді құрайды, МШК нормативі 34 есеге ұлғайған.
«Казгидромет» РММ деректерін талдай отырып, марганец Нұра өзенінің барлық бойында бар екені анықталды. Өткізілген зерттеулерге байланысты жауапты тараптармен кеңес өткізілді. Бүгінде облыстағы жер үсті суларындағы марганецті анықтайтын зерттеулер жүргізуге қосымша қаржы қарастыру қажеттілігі туындап отыр.
Л.ЛЕВЧЕНКО,
Қарағанды облысы бойынша
экология департаментінің
зертхана-сараптамалық бақылау бөлімінің басшысы.