Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Мамыр айында ел тұрғындары бірден үш мерекені атап өтеді. Олар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

Бұл күндер ресми түрде демалыс күндері болып белгіленіп, жұмыс кестесіне бірқатар өзгерістер енгізіледі.
1 мамыр – Бірлік күні
Бұл мереке бейсенбі күніне түсіп тұр. Сондықтан:
– Бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін:
– 1 мамыр – демалыс
– 2 мамыр – жұмыс күні
– 3 және 4 мамыр – демалыс күндері
– Алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін:
– 1 мамыр – демалыс
– 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері
– 4 мамыр – демалыс
7 және 9 мамыр – Отан қорғаушылар және Жеңіс күні
Бұл мерекелер сәрсенбі және жұма күндеріне сәйкес келіп отыр. Демек:
– Бес күндік жұмыс аптасы бойынша:
– 7 мамыр – демалыс
– 8 мамыр – жұмыс күні
– 9, 10 және 11 мамыр – демалыс күндері
– Алты күндік жұмыс аптасы бойынша:
– 7 мамыр – демалыс
– 8 мамыр – жұмыс күні
– 9 мамыр – демалыс
– 10 мамыр – жұмыс күні
– 11 мамыр – демалыс
Сонымен қатар, 11 мамыр жексенбіге түскеніне қарамастан, ол күнді 8 мамырға ауыстыру қарастырылмаған. Сондықтан қосымша демалыс күні берілмейді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА