Қарағанды

Мамандығым – Мақтанышым

Қазіргі қоғамның негізгі мәселесі – баланы жан-жақты етіп тұлғаландырып, бүгінгі күннің талабына сай өсіру. Ата-бабамыздан келе жатқан ең негізгі, маңызды және ең жоғары тұрған мақсат – ол соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесі, оның білім деңгейінің тереңдігі. Менің педагог мамандығын таңдаған себебім, білім беруді адамзаттың өркендеп өсуіне қажетті таптырмас сусын  екенін дәлелдеу. Халықтық тәрбие негізін алға қоя отырып, техника жетістіктерін қолданып, білім берудің жаңаша түрлерін бала санасына дұрыс ұялата білу қажет.

«Педагог» деген үлкен атқа ие болу үшін ең алдымен, өзің тәрбиелі, білімді, шыдамды әрі бойыңда қажымас қайрат, жауапкершілік сезімі жоғары болу керек. Педагог бойында адамгершілік пен ізгілік, парасаттылық, білімімен бірге қатар жүруге тиіс. Себебі, болашақ ұрпаққа, өскелең ұрпаққа педагог – үлгі. Сондықтан Мағжан Жұмабаевтың: «Баланы тәрбиелі қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Баланы мұндай адам қылу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек» деген сөзі бүгінгі күнде де өз маңызын жойған емес. Педагог мамандығын таңдағаныма разымын және өз мамандығымды мақтан тұтамын.

Гүлмира АХМЕТОВА,

№134 «Гауһар»

балабақшасының педагогы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button