Медицина

Мамандар мерекедегі тамақтануға қатысты кеңес береді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау демартаментінің мамандары мереке қарсаңында сақтық танытуға шақырады.

Сурет massaget.kz

Наурыз мейрамы қарсаңында мол дастарқан ұсынылады. Мереке күндері киіз үйлер орнатылып, кәсіпкерлер жаппай мерекелеу орындарында азық-түлік өнімдері және жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер көшпелі сауда жасайды. Мерекелік дастарқанда түрлі тағамдар, оның ішінде, ет және сүт өнімдері, көп компонентті салаттар, кремді-кондитерлік өнімдер, жемістер болады. Оларды сақтау және дайындау кезінде санитариялық ережелер бұзылып, жеке гигиена талаптары сақталмаса жіті ішек инфекцияларына және тамақтан улануға әкелуі мүмкін.

– Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау, облыс аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне, оның ішінде, сапасыз тамақ өнімдерін, ауыз суды пайдаланумен және жеке гигиена ережелерін сақтамаумен байланысты инфекциялық және аса қауіпті сырқаттанушылықтың (тамақтан улану, бруцеллез, сібір жарасы, листериоз және т. б.) туындауына әкеп соғуы мүмкін, – деп атап өтті Қарағанды облысы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин.  

Оның айтуынша, жіті ішек инфекциялары және тамақтан улану мен топтық сырқаттанушылықтың негізгі себептері тамақ дайындау технологиясының бұзылуы, көп мөлшерде тамақ дайындау, әсіресе, майонез қосылған көп компонентті салаттар, шығу орны белгісіз, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін сатып алу және оларды дұрыс сақтамау, тамақты дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтамау болып табылады.

Сондай-ақ, қоғамдық тамақтандыру, сауда объектілерінің асханаларындағы антисанитариялық жағдайлар, тамақ өнімдерін дайындау және сақтау технологиясының бұзылуы, сондай-ақ, арнайы оқытусыз аспаздарды дайындау және қызмет көрсету үшін тарту, жеткілікті термиялық өңдеудің болмауы мұндай өнімдерді эпидемиялық тұрғыдан қауіпті етеді.

Департамент басшысы кәсіпкерлерге тамақ өнімдерін дайындау кезінде технологиялық процестердің ағымын және тауарлық ережелерін сақтау, суық тағамдарды дайындау үшін өндірістік үстел үстіне бактерицидтік сәулелендіргіштер орнату, , ет, құс еті, жұмыртқа, балықты қуыру немесе қайнату кезінде тағамды мұқият өңдеу, жемістер мен көкөністер, көкшөптерді қолданар алдында сірке суымен қышқылдандырылған сумен (1 литр суға 3-4 ас қасық қосылған алма сірке суымен) жуу секілді кеңестер берді.

Қойма және өндірістік үй-жайларды жеткілікті мөлшерде тоңазытқыш жабдықтарымен қамтамасыз етілгені дұрыс. Тамақтану объектілері персоналын таза арнайы киіммен, қолды жеке қорғау құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету, жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтау маңызды. Бұдан бөлек, көшпелі сауданы ұйымдастыру кезінде де кәсіпкерлер тарапынан сақталуы тиіс бірқатар талаптар бар.

– Жаппай мерекелер кезінде тамақтан уланудың алдын алу шараларын сақтау маңызды, себебі көше тағамдары мен тез бұзылатын тағамдарды тұтыну белгілі бір қауіп-қатерге әкелуі мүмкін. Құрметті облыс тұрғындары, көшеде тамақ өнімдерін таңдағанда, рұқсат етілмеген сауда орындарынан үйде дайындалған азық-түлік өнімдерін сатып алмауға, сатып алу кезінде және қолданар алдында өндірілген күнін, сақтау шарттары және өнімді сатылу мерзімін тексеруге,  бұзылу белгілері бар,  қаптаманың тұтастығы және таңбалау жапсырмалары жоқ бұзылған тамақ өнімдерін сатып алмауға, қол тазалығына, сатушыларда қолғаптардың, арнайы киімдердің, бір реттік қаптаманың болуына назар аударуға кеңес береміз, – дейді ол.

Тағамның иісі, түсі және консистенциясы күдік тудырмауы керек. Көшедегі демалыс орындарында болған кезде қарапайым гигиена ережелерін елемейтін сауда нүктелерінен азық-түлік сатып алудан аулақ болған жөн. Тұрғындардың да көшеде тамақ ішер алдында жеке гигиена туралы ұмытпай, қолды үнемі тазалап отыру қажет.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button