Жаңалықтар

Маманға тапшылық болмайды

Биылғы жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарында мемлекеттік оқу гранты бойынша, оның ішінде, ауыл квотасымен білім алған дәрігерлер мен резиденттерге 3 жыл көлемінде еңбек ету міндеттеледі. Осылайша олар білім алуға жұмсалған мемлекет қаржысын өтемек. Мұндай жаңашылдықты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі енгізіп отыр.

Түлектерді орналастыру да биыл басқаша жүргізіледі. Яғни, биылғы түлектер бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатыспай-ақ, жаңа форматта www.enbek. kz интернет порталындағы электронды еңбек биржасы арқылы жүзеге асатын болады. Өтініштерді электронды түрде қарастыру түлектерге жұмыс берушіні еркін таңдауға мүмкіндік береді. Осы арқылы медициналық мекемелердің нақты кадр тапшылығын анықтауға болады. Бұл жаңашылдық тек «Жалпы денсаулық сақтау», «Фармация», «Стоматология» мамандықтары бойынша білім алушыларға, интерн дәрігерлерге, сондай-ақ магистранттар, резиденттер мен докторанттарға қатысты.

Сәби күтіп жүрген жағдайда немесе баланы 3 жасқа дейін тәрбиелеу кезінде міндетті өтеуден босатылады. Бұл үшін тиісті құжаттарды ұсыну қажет. Жоба пилотты болса да, Қарағанды медицина университетінде сәтті жүргізілуде.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button