Жаңалықтар

Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Өткен жылдың соңында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне екі ауыл тұрғыны жүгініп, қорасындағы 12 қой мен 1 бас жылқының ұрланғанын айтып шағымданған.

Сурет пен видео: Рolisia.kz сайтынан

Шығын көлемі әрқайсысына 600 мың теңгені құрады. Жедел қызметкерлерден құрылған топ 19 бен 21 жасқа дейінгі 6 күдіктіні құрықтады. Олар қылмыстық жолмен қосымша ақша табу үшін осындай қадамға барған.

 

Олардың ұрланған малдың етін сатып, түскен қаражатты бөліп алғаны анықталды. Күдіктілердің үйінде жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері малдың терісі мен ұсақ малдың басын тәркіледі. Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button