Бас тақырыпЖаңалықтар

Маймыл шешегі: Әлемде жаңа пандемия бастала ма?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне байланысты әлемде жаңа пандемия басталу мүмкіндігін жоққа шығарды, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

сурет: ustinka.kz

– Маймыл шешегін тудыратын mpox вирусы – коронавирус секілді үлкен проблема емес, – дейді ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге.

Айтуынша, ұйым аурумен күресу жолдарын жақсы біледі. Сондай-ақ оның әлемге таралып кету қаупінің алдын алу үшін қандай қадамдар жасау қажеттігі де белгілі.

Сонымен қатар mpox вирусынан маска тағу режимі құтқармайды деп отыр. Себебі вирус тері арқылы байланыс болғанда жұғатыны анықталған.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button