Бас тақырыпЖаңалықтар
Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін
Аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы «Alash Pride» лигасының президенті Әлімжан Бектаев мәлімдеді, деп хабарлайды ortalyq.kz .

«Біз Майк Тайсон мен аралас жекпе-жек аңызы Фёдор Емельяненко арасында кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Тайсонды шақырғымыз келетін турнир желтоқсан айына жоспарланған», — деді Әлімжан Бектаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Майк Тайсон кәсіби мансабында 50 рет жеңіске жетіп (оның ішінде 44-і нокаутпен), 7 жеңіліс тапқан.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.