Жаңалықтар

Майдангерлерді құттықтады

    Мереке қарсаңында Шахтинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, майор Ақылбек БАЙЖҰМАНОВ шағын шаһардың майдангер ардагерлері Михаил СЕМЕНОВПЕН Василий САВЕНКОВТІ Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Қос қарияның шаңырағында жылы лебiзiн бiлдiрген Ақылбек Дәулетбекұлы соғыста апа-әпкелерiмiздiң көрсеткен жанқиярлық ерлiктерi мәңгi естен шықпайтынын, кейiнгi ұрпаққа бейбiт өмiр сыйлаған Ұлы Жеңiстiң бiз үшiн маңызы айрықша екенiн атап өттi. Қарт майдангерлерге қорғаныс бөлімінің құттықтауын жеткiзiп, арнайы сыйлығын табыс еттi.

Өз кезегінде қариялар майдан даласындағы естелiктерiмен бөлiсiп, бүгiнгi ұрпақтан тәуелсiз Қазақстандағы бейбiт өмiрдiң қадiрiн терең ұғынып, оны қастерлеуiн өтiндi. Сондай-ақ, ардақты ардагерлер Елбасы мен жергiлiктi билiк өкiлдерi көрсетiп жатқан құрмет пен қамқорлыққа ризашылығын жеткізді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Back to top button