Майдан хаттары
Бұл хаттарды Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылының тумасы, Ұлы Отан соғысында даңқты По- ныровский жерінде 1943 жылдың 6 шілдесінде ерлікпен қаза тапқан Құрман Тоқмырза майдан даласынан жолдаған екен. Гвардия қызыл әскері Құрман атамыз Курск облысындағы Кутырки ауылында жерленген. Бұл кісінің есімі Курск облысының Поныри селосындағы Жеңіс алаңында ашылған мемориалды кешенге жазылғанын кейін ұрпақтары іздеп тапты. Латын қарпімен таңбаланған хаттарды кезінде жауынгердің ұрпағы, белгілі сатирик жазушы Мартбек Тоқмырза осы күнгі әліпбиге аударып кетіпті.
Амандық хат! Ардақты жаннан артық кө ретін ағатайыма, Атама, тағы басқа аттары аталмаған шешей лерге, жеңгейлерге, балаларға мен Құрманнан – сағынған жүректен сансыз көп сәлем! Қалай, аман-сау жүріп жатырсыздар ма? Мен де сау, аман жүріп жатырмын. Жапон сұмырайымен шектес Лазо стан сасында жүріп жатырмын. Жа пон сұмырайы бізге екі км тұрады. Одан қорқып жүрген біз жоқ. Өзіміз үйрендік. Ол сұмырайлар бізге соқтықпайды. Қарқаралыдан кет кеннен көрі Барнауылдан шыққан қиын болды. Барнауылдан бір кеткен балалардан жолда Мейірхан, Айт бек, Тиыштықбайды алып қалды. Бұлар – бәріміз өлгенше айрылмауға тырысып едік, болмады. О да оңай болған жоқ. Қазір бірнеше ұлттың ішінде Қожақов екеуміз бармыз. Істейтін қызметіміз – разведшик тік. Қазақша айтқанда, жаудың қайда екенін елден бұрын білетін қызмет. Бұл қызметті атпен істей міз. Қызмет, әбүйірі, жақсы үйрен дік. Ақыры, қызметтің бәрі ауыр, әйтеуір, ден сау. Сіздер жоғары дағы қызмет түрінен үйде отырып, қорқып жүрмеңіздер. Қорқатын еш нәрсе жоқ. Оның бәрі түк қиындық емес. (бірер сөйлем ұғынықсыз)
Өзіміз сұмырайларды аңдып, барып қайтамыз. Олар орнынан тұра алмайды. Хал – осы. Ағатай, өтінішті тез жіберіңіз. Мына әдіріске: Приморский край, стансия Лазо 33, с/п-В.Г.Б. Комиссару и полковнику деп өтініш басына жазыңыздар. Кәмперт сыртына Приморский край, ст. 33 с/п 23 Ко миссару или Красноармиц Токмурзин деп жазыңыз. Мен өзіме келсе, тапсырамын. Бірақ, жазған, жаз бағандарыңызды өзіме хабарлаңыз дар. Өтінішке керек. Дөкіменттің бәрін тіркеңіз, өзім айтқан. Ағатай, мен Жигунов станциясында киімімді салып едім, алдыңыз ба? Бұл киімді 22/ХІ күні салғанмын. Барлық кгмы – 15 кг. Төлеген ақшам – 2 сом, 70 т. Сағатты салмаймын деп едім, ақыры жоғалды. Өзімді үл кен қалаға демалыс сайын босатып тұрады. Атпен барып қайтамыз. 12-18 күні қашықтығы 12 км да лаға барып 5 сағат жүрдім. Әбүйір, жаман емес бұл жерде. Қызметтің күнделіктісін бақылап, қалаға боса тады. Егер жаман істегенді қалаға босатпайды. Ендігі босатқанда, мініп жүрген атым мен шекарада жүргендегі пормымды кәртешкеге түсіп, беріп жіберемін, шай, т.б. Зияға, Ақанға керек киім бұл жерде бар. Бірақ, қымбат. Қымбат болса да, алып, жіберемін десем, салып жіберемін. Ыдыс жоқ. Ең қиыны сол болып тұр. Әйтпесе, ақша беті не қарап жүрген мен жоқ. Зия, бұл туралы өкпелеме. Ағатай, атам ның кәртешкесін жеке түсіріп беріп жіберіңіз. Тағы өзіңіз барлық семия мен атаммен түсіп, беріп жіберіңіз. Маған піскен ет, май, махорке, жақсы папиростан 7-ін кәмперт тетрат салып тұрыңы здар. Бұлар көп, қайдан табамын десеңіздер, ақшасын өзім жіберей ін, жарай ма? Басқа көп не жазай ын? Онда қандай қалдарыңыз? Екі айдың көлемінің өзгеріс жаңалығы туралы, жер қашық, хатты жиі жазып тұрыңыздар. Жәнім ағам, Мекен, дендерің сау ма? Хат салып тұрыңдар. Маған Қартабайдың, Жәлкеннің әдірісін жіберіңіз. Сіздер хатқа жеке-жеке атымызды атап жазбады деп өкпелеп жүрмеңіздер. Өйтіп теріп отыруға уақытым жоқ. Ахаң, Мекен, бәтеңке, малақай жіберемін. 2-3 айда барады. Жәнім тірі болса. Қош болыңыздар. Әдіріс сыртындағыдай. Қош болыңдар, Бауырлар!
19/ХІІ
Амандық хабар! Ардақты әке-шешелеріме, аға ларыма, бауырларыма, жеңгелеріме мен Құрманнан сағынышты сансыз сәлем! Қалай, аман-сау жүріп жа тырсыздар ма? Менде ден сау. Қал білмек болсаңыз, денім сау, қалым жақсы, жүріп жатырмын. Мұқа тайдың 29/VІІ күнгі хатын 18/VІІІ күні алып, амандық хабарларыңыз ды естіп, қуанып қалдым. Мұқатай дың хатында маған ұнамсыз хабар Қасен ағай қайтыс болды дейді. Ақыры қайырлы болсын! Ал, ендігі жерде жер жүзі ІІ импералистік соғыстың қызған жалынында отыр ғой. Герман сұмырайы гүлденген Отанның ішіне кіріп кетіп, аз да болса, бүліншілік салып отыр. Қазір де біздің Совет халқы осында шош қа тұмсықты арамыздан аластау үшін жан-тәнімен алысып, өндіріс өнімін арттыруда. Сіздер де өндіріс планын артығымен орындап ұжым ды түрде қызмет жасап, Отанға көмектесу керек. Жана біздей Отан үшін жау жолында жүрген ұлдарыңызды көп ойламай қызмет теріңізді реттеп, ұжымдасып жүре беріңіздер. Бізді көп ойлағанмен түк те өнбейді. Біз аман болсақ, қайда жүрсек те, сіздерді табамыз. Тек аман көрісуге жазсын. Біз де Жапон сұмырайын күтіп отырмыз. Егер сұ мырай қолын Отанға сұққысы келсе, қайраткер жігермен жауап беруге дайынбыз. Басқа көп не жазайын? Қайыр, қош болыңыздар! Менің хат жазуға уақытым аз, сіздер хатты жиі жазыңыздар. Ағатайым қайда, неге хат жазбайды маған? Мен бір неше рет хат жаздым, бір де хат алғам жоқ. Барлық колхоз азамат тарына, бауырларыма көп сәлем! Хат жазбады деп өкпелемей, маған хат жазсын. Менің қолым тимейді. Қош болыңыздар! Әке-шешелерім қош, қош тіле уқорларым!
23/VІІІ-41 г.