Жаңалықтар

Майқұдықта «Центркредит» банкінің бөлімшесі ашыла ма?..

Бүгінде ипотекасы жоқ адамды кездестіру қиын. Әсіресе, кенді өлкенің астанасы Қарағанды қаласының тұрғындары арасында ипотекамен баспана алған халық көп. Әйтсе де, Майқұдық тұрғындары үшін екінші деңгейлі банктерге несие төлеу айтарлықтай қиындық туғызуда. Өйткені, қаланың бұл бөлігінде екінші деңгейлі банктердің, оның ішінде «Центркредит» банкінің бөлімшесі жоқ. Халық несиесін төлеу үшін қала орталығына баруға мәжбүр.

Екінші деңгейлі банктер – коммерциялық ұйым. Олар тұтынушыларға қолайлы жағдай жасауы керек емес пе? Майқұдықтан бөлімше ашылса, іргедегі Сұрыптау станциясының тұрғындары үшін де тиімді болар еді.

Ләззат ӘМИНҚЫЗЫ,

Майқұдық тұрғыны.

Басқа материалдар

Back to top button