АймақБас тақырып

Майқұдықта орын алған өрт тұрғындардың өміріне қауіп төндірді

Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша,  Ә.Бөкейхан атындағы ауданында бес қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт ошағы 4-қабаттағы пәтерлердің бірінде болып, онда жиһаздар мен үй заттары тұтанған. Қою әрі ащы түтін санаулы минуттар ішінде кіреберісті толтырып, тұрғындардың өміріне қауіп төндірді.

Сурет департаменттен
🚒ТЖМ күштері мен құралдары шақырту орнына қысқа мерзімде жетті. Жұмыс қою түтіннің салдарынан күрделене түскеніне қарамастан, өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында жалын жедел оқшауланды. Бұл оттың көрші пәтерлерге және үйдің шатырына таралуына жол бермеді.
Өрт сөндірушілер жағдайды толық бақылауға алып, жануды қауіпсіз жоюды қамтамасыз етті.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты себебін мамандар анықтап жатыр.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button