Жаңалықтар
Майқұдықта дала өрті салдарынан жеке үй өртеніп кетті
Бүгін, 3 қазан сағат 12-лерде өрт Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан ауданындағы Қырым көшесінің маңында басталған.
Қарағанды Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 га аумақтағы қамыс өртінің салдарынан Металлистов көшесіндегі жеке үй де отқа оранды.
ТЖД хабарлауынша, өрт тұрғын үйдің ағаш қоршауына жайылған, ондағы жинақталған отын және кіреберістің ағаш конструкцияларын да жалын шарпыды. Қатты жел өрттің одан әрі таралуына жол беруде. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Видеосы: Инстаграм парақшамызда