АймақБас тақырыпҚарқаралы
Майқұдықта Қарқаралы фермерлерінің әлеуметтік павильоны ашылды
16-шы шағын ауданда орналасқан жаңа әлеуметтік павильон өз жұмысын бастады. Мұнда Қарқаралы ауданының фермерлері ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалдарсыз және қолжетімді бағамен ұсынып отыр.

Қарқаралы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, павильондағы тауарлар арнасы кең. Сатылымда ет, жергілікті өндірістен шыққан жартылай фабрикаттар, ұлттық тағамдар мен өзге де өнімдер бар.

Әлеуметтік павильонның ашылуындағы сауданың бұл форматы қала тұрғындары мен ауыл кәсіпкерлері үшін де тиімді. Қала тұрғындары сапалы әрі балғын өнімді тікелей өндірушіден сатып алады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



