Бас тақырып
Махмұд Сабырхан чемпион атанды
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.
54 келі салмақта отандасымыз Махмұд Сабырхан ақтық бәсекеде өзбекстандық боксшы Шахзод Муззафарован айласын асырып, чемпион атанды.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Амман қаласындағы Азия чемпионатында отандасымз Махмұд финалда сүрініп, ІІ орын иеленген болатын.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.