Жаңалықтар

Магнит жұтып қойған балаға ота жасалды

Балқаштағы  қалалық орталық ауруханасының дәрігерлері  үш магнит жұтып қойған баланың өмірін аман сақтап қалды.

 

Деректерге сүйенсек, бала ауруханаға құсып, 37 градус дене қызуымен түскен. Дәрігерлер алғашқыда бала кішкентай болғандықтан, аурудың салдарын біле алмай, диагноз қоя алмаған. Соңында баланың ішін тексере келе іште өзге дүниелердің барын анықтап, ішектің бітелгенін көрген.

– Балам соңғы кездері тамақ ішпей, қатты жылап, дене қызуы түспей қойды. Бірақ, біз ештеңе істей алмай, дәрігердің көмегіне жүгіндік. Мұндағылар реаниматолог пен хирургтың кеңесіне жүгінді. Тіпті, зертханалық зерттеу де жүргізілді. Тексеруден кейін дәрігерлер балаға шұғыл ота жасау керектігін айтты, – дейді баланың әкесі.

Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Оны ауруханадан шығарып, үйіне жіберген. Дәрігерлер «баланың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ» дейді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button