Магамедовтың қоржынында қола жүлде
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресі бойынша халықаралық турнир өтті. Онда ел құрамасы сапында Қарағанды облысының спортшылары да өнер көрсетті.
Дәстүрлі турнирге 23 елден балуандар жиналды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық үшінші орынға ие болды. Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша турнирдің жалғыз чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еңбек сіңірген спорт шебері Айдос Сұлтанғали болды.
Украинадан келген палуанға жол берген елордалық палуан Марлан Мұқашевтің активіндегі күміс медаль.
72 келі салмақта бағын сынаған қарағандылық балуан Ибрагим Магамедов қола жүлдеге ие болып, Арқа жұртының абыройын тасытты. Мейіржан Шермаханбет (67 келі, Шымкент), Демеу Жадраев (77 келі, Алматы облысы), Әлімхан Сыздықов (130 келі, Шымкент) балуан Әлімхан Сыздықов та қола жеңіп алды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz