АймақБалқаш

Мадиярдың маңдайы жарқырады

Талдықорғанда өткен белгілі композитор Мұратхан Егінбаевтың шығармашылығына арналған ІІI республикалық «Сәйгүлік» әншілер байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша ақтоғайлық әнші Мадияр Өмірғалы I орынды еншіледі.

Сурет автордан

Байқауда еліміздің түпкір-түпкірінен келген өнерпаздар сазгердің әндерін орындап, бақ сынасқан. Олардың 21 өнерпазы ақтық сынға жолдама алған көрінеді. Ән байқауы ІІ кезең бойынша өткен. Мадияр I кезеңде де II кезеңінде де Мұратхан Егінбаевтың екі әнін орындаған. Қатысушылардың өнерін Махмұт Тойкенов, Серікжан Әбдінұров, Айгүл Қосанова, Әли Алпысбаев, Абылай Қармысов секілді саз өнерінің саңлақтары, танымал композиторлар, профессорлар кәсіби мамандар бағалаған.

Олар байқауға қатысушы үміткерлердің әнді орындау шеберлігіне, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгісіне, табиғатына сай ән таңдауына, дауыс диапазонына, әртістік қабілетіне баса назар аударған.

Айта кетейік, аталмыш сайыстың мақсаты айтулы композитордың әндерін кеңінен насихаттау мен талантты әнші, орындаушыларды анықтауға, дарынды жастардың шеберлігін шыңдауға және оларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұған дейін де бірнеше ән байқауында жеңімпаз атанған Мадияр Өмірғалы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сержан Мұсайынның шәкірті.

Облыс намысын лайықты қорғаған талантты әнші Мадиярдың болашақта әлі талай биікті бағындырарына бек сенеміз!

Нұрдос КӘРІМ,
Ақтоғай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button