ПриозерскРуханият

Мағжан жырынан маржан терді

   Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Мен жастарға сенемін» атты қалалық байқау өтті.

Іс-шараның мақсаты – Мағжан ақынның шығармашылығын насихаттау. Жастардың ойын дамыту, сөйлеу қабілетін арттыру, ұлтын сүюге тәрбиелеу.

«Приозерский вестник» газетінің тілшісі Нұрғали Қарабеков, «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ директоры Павлина Кенжебекова және білім бөлімінің әдіскері Әлия Мұхамеджанова жас өрендердің өнеріне қазылық етті.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, №1 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары – Шерхан Алшынбеков (1-орын), Балнұр Тастамбекова (2-орын) үздік шықты. Ал, №2 мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Ақсана Әбдірахманова үшінші орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазылар алқасы және іс-шараны ұйымдастырушылар ұл-қыздардың болашағына зор үміт артты. Мағжан жырынан маржан тергендерге ізгі тілектерін арнады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button