Маңызды тарихи шешім
Еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар –алдағы болашақ бағытымызды белгілеп, айқындайтын маңызды тарихи шешім.

Қазіргі конституциялық реформалар – заман талабына сай жүйелі жаңғырудың көрінісі. Бұл бастамалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, азаматтардың ел өміріне белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамдық сенімді күшейтуге жол ашады.
Референдум – халықтың тікелей таңдау жасауына мүмкіндік беретін демократиялық құрал. Сонда берілген әрбір дауыс ортақ болашаққа қосылған үлес деуге болады.
Конституциялық өзгерістерді қолдау тұрақтылық пен өркендеуді қолдауды білдіреді. Осы жолдағы бірлігіміз бен жауапкершілігіміз арқылы біз берік, әділетті әрі дамыған мемлекет қалыптастыра аламыз.
Нұрлан АДАШЕВ,
Абай ауданының Қазақстан халық ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы



