Жаңалықтар

Маңызды мәселелерге мән берілді

Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында назарға ұсынған Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының келешектегі басым мақсаттарын айқындап берді.

Мынандай маңызды аспектілерге тоқталды: мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын әзірлеу, бірыңғай ұлттық геологиялық қызметті құру, азық-түлік бағасына бірегей бақылау орнату, цифрландыру, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, вакцинациялау науқаны, фармацевтика өнеркәсібіне инвестор тарту, білім беру бағдарламаларын заман талабына бейімдеу, мұғалімдерді қолдау, экологиялық мәселелер, газдандыру, табиғи ресурстарды үнемдеу. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат біртұтас механизм сипатында жұмыс істеуі керек екенін қадап айтты. Тек осы жағдайда ғана біз алға қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ете алатынымызды атап өтті. Мен, қалалық мәслихат депутаты ретінде Президент алға қойған маңызды міндеттерді жүзеге асыруға қабілет-қарымым мен күш-жігерімді жұмсаймын.

Нуридин АТАЖАНОВ, қалалық мәслихат депутаты. ҚАРАЖАЛ қаласы

Басқа материалдар

Back to top button