Приозерск

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР – ЖИЫН ӨЗЕГІ

            Приозерск қаласындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесінің кезекті отырысында тұрмыстағы түйткілді түйінді шешуге елеулі ықпал ететін бірнеше маңызды мәселе қаралды.

Мемлекеттік мекеме басшылары мен қала тұрғындары қатысқан жиында алдымен жылу беру маусымының барысы жан-жақты талқыланды. Мазутты дер кезінде ырғақты жеткізу, жылу беру кестесін сақтау, орын алған апатты жағдайды жедел қалпына келтіру, электр желісінде технологиялық тәртіптің сақталуы кеңес мүшелерінің назарынан тыс қалмады.

Тұрғындар ыстық сумен жабдықтау, жылу құбырын қаптау, жылу трассасы мен қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргізу, тұрғын үйге қызмет көрсетуде кемшілікке жол бермеу, ақы төлеуді жолға қою жағын қаузады.

Сондай-ақ, жиында зей­нет­­керлік пен әлеуметтік қам­­сыз­дандыруға қатысты заң­на­ма­дағы өзгерістер, жаңа си­патты атаулы әлеуметтік жәрдемді қолданысқа енгізу, «Өрлеу» жо­басын жүзеге асырудың жай­-жапсары әңгіме өзегіне айналды. Халыққа қызмет көрсету орталығының, әлеуметтік жәрдемақы төлейтін ведомоствоаралық есептеу орталығының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері жұртшылыққа жан-жақты түсінік берді.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button