Ресми

Маңызды мәселелер шешімін табады

Жақында облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Қобжанов өңірлерге жұмыс сапары аясында Нұра ауданына барды. Аудандағы бірқатар нысандарды аралап, жұмыстарымен танысты. Кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады. Аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.

Суреттер: Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Төрағаның жұмыс сапары жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесуден басталды. Нұркен Қобжановтың төрағалығымен өткен кеңес жұмысына облыстық басқарма басшылары мен Нұра ауданы әкімдігінің салалық құрылым өкілдері қатысты.

Жиында білім беру, спорт нысандарын салу, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру, ауыл шаруашылығын дамыту, көлік және коммуналдық инфрақұрылым секілді мәселелер қарастырылды.

«Аудан мәселелерін шешуде халықтың белсенділігі маңызды», деп атап өтті кездесуде Нұркен Қобжанов. Кездесуден кейін AMANAT партиясының аудандық филиалында Нұркен Қобжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Орталық аудандық аурухананың акушер-гинекологы Меруерт Дүйсенбаеваның қызметтік тұрғын үй беруге қатысты өтініші қаралды. Сонымен қатар, кент тұрғыны Юлия Пурик балалар алаңын орнатуға және Ақпасов көшесіндегі футбол алаңын қалпына келтіруге көмек көрсету мәселесін айтты. Өтініштер қарастырылатынын жеткізді мәслихат төрағасы.

Мәслихат төрағасы 2012 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істей бастаған тарихи-өлкетану мұражайының жұмысымен танысты. Оған жылына екі мыңға дейін адам келеді. Мұражайдың негізгі мақсаты – тарихи сананың қалыптасуына ықпал ету. Экспозицияларда Тәуелсіз Қазақстанның, Қарағанды облысының, Нұра ауданы мен Нұра кентінің қалыптасуы жөніндегі материалдар ұсынылған. Сондай-ақ, мұнда Қазақ хандығының құрылу тарихымен, республика, облыс, аудан экономикасының дамуына зор үлес қосқан көрнекті адамдардың өмірбаянымен танысуға болады.

Сапар Егінді ауылында жалғасты. Облыстық мәслихаттың төр­ағасы ауылдың клубына барып, ұжыммен кездесіп, кітапхана жұмысымен танысты. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, ғимараттың апаттық жағдайына қарамастан, мұнда түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Клубта 4 секция жұмыс істейді (40-тан астам қатысушы). Клубтың орнына жаңа ғимарат салу мәселесін шешу бірінші кезекте тұр.

Сондай-ақ, Нұркен Қобжанов жергілікті мектепке де барды. Облыс­тық маңызы бар жол болып табылатын ұзындығы 12 шақырым «Шахтерское – Егінді – Нұра» автомобиль жолының апатты учаскелерін көрді.

Ескі құбырларды ауыстыру және қосымша су өткізгіш құбырларды орнату керектігі айтылды. Жолдың бұл аумағына ағымдағы жөндеу жүргізу қажет екендігі тапсырылды.

Төрағаның Нұра ауданына жұмыс сапарының қорытындысында барлық мәселелерді жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелеп, пысықтап, тиісті шешім қабылданды.

Алдағы уақытта да облыстық мәслихат депутаттарының жергілікті қоғамдастық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен осындай кездесулері, ауылдарды аралап, жеке қабылдау өткізу жалғасатын болады.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button