Жаңалықтар

Маңызды да күрделі жолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жолғы Жолдауы маңызды де күрделі деп есептеймін, елде болған пандемияға байланысты қиындықтар өте көп, оны шешу жолдары оңай емес, бұны жоғары деңгейде шешу үшін еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту керек, себебі, дерт әлі де қайтқан жоқ. Ел арасында жүрген кейбір азаматтар вакцинаға қарсы жалған ақпараттар таратып, теріс пікір қалыптастыру салдарынан көптеген адам әлі де вакцина алмай қайтыс болып жатыр. Сондықтан да, екпе қарсы үгіт жүргізгендердің жетегінде кетпегеніміз жөн. Қазақстан әлем бойынша вакцина жасап шығарған мемлекеттердің алдынғы қатарында десек те, әлемде коронавирус дертінің жаңа штамдары шығуы әбден ықтимал. Осы орайда, ҚР Үкіметіне тез арада дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тіркелеген вакциналарды сатып алуды тапсырды. Тағы бір мәселе ол, медицина сараптама жасайтын ұйымдарды заманауи техникаларымен жабдықталуы тиіс және медицина ұйымдарында озық техналогияларды көбейту керектігін алға тартты.

Бүгінгі таңда, елімізде медицина өнімдерінің 15 пайызы ғана отандық өнім құрап отыр, 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу туралы айтып, және басқа да өзекті мәселелер қозғалып өтті. Расында да, Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды.

Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұғыры берік еліміздің алға қойған мақсаттары орындалсын деген тілек үстіндемін.

Айтжан СҮЛЕЙМЕНОВ,

Медицина саласының зейнеткері

Шет ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button