Маңызды қадам. Сындарлы сәт

Қарағандыдағы Кеншілер Мәдениет сарайында орналасқан №17 сайлау учаскесі қаладағы ең ауқымды учаскелердің бірі. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 600 адам өз таңдауын жасаған.

Аталмыш сайлау учаскесіне Н. Назарбаев даңғылы мен И.Лободы, С.Ерубаев, Бұқар жырау көшесінің кейбір мекен-жайы бойынша тұрғындар дауыс беруде. Аталмыш мекен-жай бойынша 2 210 адам тіркелген. Дауыс берушілердің қатарында елордадан келген Бауыржан Камзаев та бар.

— Өзім Астанада жұмыс істеймін. Отбасым Қарағандыда тұрады. Демалысымда отбасымның жанына келдім. Өз таңдауымды да осы қалада жасадым. Еліміз өркендеп, гүлденуі үшін маңызды қадам жасап отырмыз. Өз басым ел ертеңіне сенемін. Әлі де талай белестерді бірге бағындырамыз, — деді Сәбитұлы.

Ербол ЕРБОЛАТ